Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
REKLAM ALANI
21.04.2022
A+
A-

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында 10 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Куба елшісі Оскар Сантана Леон (резиденциясы Нұр-Сұлтан қаласында), Бангладеш елшісі Камрул Ахсан, Доминикан Республикасының елшісі Франк Ганс Данненберг Кастельянос, Аргентина елшісі Эдуардо Антонио Зуайн, Перу елшісі Хуан Хенаро дель Кампо Родригес, Нигерия елшісі Якубу Сантураки Сулейман, Лаос елшісі Вилаван Йиапохэ, Чад елшісі Адам Бешир Махамуд, Руанда елшісі Фиделис Нтампака Миронко, Бенин елшісі Акамби Андре Окунлола-Биау тапсырды.

 

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің соңғы отыз жыл ішінде ең күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуалды бастан өткеріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы елдеріміз үшін айтарлықтай сынақ болды. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы ахуалдың шиеленісуі әлемнің дамуына кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қақтығыстардың БҰҰ Жарғысына сәйкес тезірек және әділ реттелетініне сенімді екенін жеткізді.

 

Мемлекет басшысы көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

– Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өткенімізді жариялап, мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірістік, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды.

– Біздің Үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент шын мәнінде бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенімізді айтты.

Рәсім соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ жиынға қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен, Пасха мерекесімен және Лаос Жаңа жылымен құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-birkatar-memlekettin-elshilerinen-senim-gramotalaryn-kabyldady-1934248

 

 

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.