Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді
REKLAM ALANI
23.01.2022
A+
A-

Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді
2022 жылғы 22 қаңтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері басшыларының кеңесі өтті.

Мемлекет басшысына еліміздегі ахуалды тұрақтандыру үшін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Әсіресе қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қайта қалпына келтіруге, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге баса мән берілді.

 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президентке еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» деп аталатын шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Халықтан заңсыз сақтап отырған қаруларын алу ісі жалғасуда. Ведомствоның мәліметі бойынша терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған. ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылған. Министрдің айтуынша, ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ықпалдастық орнатылған.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Мемлекет басшысына лаңкестік қауіптерді жою және келешекте ондай қатерлерге жол бермеу механизмдерін әзірлеу жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Президентке қазіргі уақытта Қарулы Күштердің жекелеген бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесіп, террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде тұрған өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып жатқанын баяндады. Әскери нысандардың, соның ішінде қару-жарақ және оқ-дәрі қоймаларының күзеті күшейтілген.

Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының Қарулы Күштерді реформалау жөнінде берген тапсырмасын орындауға кірісті.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді. Сонымен қатар ұсталған және тұтқындалған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін прокурорлардың қабылдаған шаралары жөнінде баяндады. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, олардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған.

 

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда жазаны жеңілдету жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. Берілген мәліметтер бойынша әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күштік құрылымдар мен өкілетті органдар күш-жігерлерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруге тиіс екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы тұрғындардың қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

– Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Әкімшілігінің басшылығына аталған мәселені бақылауға алу тапсырылды.

Kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-zhekelegen-memlekettik-organdardyn-basshylarymen-kenes-otkizdi-2205440

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.