Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады
REKLAM ALANI
25.01.2022
A+
A-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады
2022 жылғы 24 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіп және технология саларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіріп, Ресей Федерациясымен арадағы көпжақты қатынастарды дамыту ісінде Татарстанның маңызды орын алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Татарстан Қазақстанмен экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты нығайту деңгейі бойынша Ресей Федерациясы субъектілерінің ішінде көш бастап келеді. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 423 миллион долларға жеткен.

«КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларының қатысуымен машина жасау саласында құны 1,8 миллиард доллар болатын жобалардың жүзеге асырылуы – осындай табысты ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. Қостанай және Қарағанды облыстарында «КАМАЗ» автобөлшектері мен «Татнефть» дөңгелектерін шығаратын үш зауыттың құрылысы белсенді жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қазақстанның инвесторларға, оның ішінде Татарстанның ивесторларына қолайлы болу үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайтынына назар аударды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа Татарстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатын елде жүргізіліп жатқан ауқымды экономикалық реформалар мен нақты даму бағдарламалары туралы айтты.

Татарстан Президенті жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, қазақстандық серіктестермен ықпалдастықты нығайту жөніндегі бірқатар инвестициялық жобалар мен татар бизнесі жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-tatarstan-prezidenti-rustam-minnihanovty-kabyldady-2402647

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.