Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті
REKLAM ALANI
08.11.2022
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті

2022 жылғы

Мемлекет басшысы облыс халқымен кездесуінде өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында тұрғындарының саны 2,5 есе өскен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ой-пікірін жеткізді.

Президент, ең алдымен, Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажеттігіне назар аударды. Мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – ұлттық экономиканы іс-жүзінде әртараптандыру. Сондай-ақ терең өңделген дайын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашу қажет.

– 2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін де зор мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32 пайызға жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда, сондай-ақ білім беру және медицина саласында кәсіпкерлер саны артып келе жатқаны қуантады. Яғни, облыс экономикасы әртараптана бастады деуге болады. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың көлік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру мәселесіне де тоқталды. Мемлекет басшысы Маңғыстау географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан өңір екенін және бұл өлкені әлемдік деңгейдегі көлік-транзит торабына айналдыру керектігін атап өтті.

– Портты қала Ақтау – Қазақстанның теңізге шығатын қақпасы. Жаһандық логистикалық жүйе қайта қалыптасып жатқан қазіргі кезде Каспий теңізінің маңызы күрт арта түсті. Порттың инфрақұрылымын дамыту үшін инвестиция тартуды, контейнерлік және көлік-логистикалық хаб құруды көздеп отырмыз. Біз үшін қазіргі әлемдік нарықтағы ахуалды ескеріп, Транскаспий бағдарын одан әрі дамыту өте маңызды. Осы мәселе бойынша серіктес елдермен өзара түсіністік бар, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір тұрғындарының облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтатынын еске салып, автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға баса назар аудару керек екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жұмысы баяу жүрып жатқан «Бейнеу-Шалқар» тас жолы құрылысының маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырды. Сондай-ақ әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, «Ақтау – Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе» жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісу екенін айтты.

Мемлекет басшысы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы инвестиция тарту, өнім өндіру, салық төлеу көрсеткіштері бойынша республикада ең үздік үш аймақтың бірі екенін атап өтіп, арнайы экономикалық аймақтарда игерілмеген жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды.

– Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуы қажет деп есептеймін. Қазақстан шетелдік әріптестермен инвестициялық ынтымақтастықты дамытып келеді. Соның бірі – «Жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығын» салу жобасы. Өткен аптада Еуропа кеңесінің Президенті Шарль Мишель біздің елге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кезде Қазақстан мен неміс-швед компаниясы арасында инвестиция туралы тиісті келісімге қол қойылды. Инвестор Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ күніне 255 мың текшеметр су тұшытатын зауыт, 40 гигаватт жаңғыртылатын қуат көздері стансасын салу жоспарда тұр. Осы жоба жүзеге асырылса, құрылыс кезінде 3500, ал нысан іске қосылған кезде 1800 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өз мамандарымызды оқытып, даярлаймыз. Тиісті инфрақұрылым салынады. Инвестор өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттемелерін орындайды, – деді Президент.

 

Сондай-ақ жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы бес жыл ішінде өңірдегі барлық қала мен ауылды ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде міндет жүктегенін атап өтті. Жыл аяғына дейін 12 ауыл орталықтан берілетін су жүйесіне қосылады. Өңірде 2025 жылға дейін су тұшыту жөніндегі 9 жоба, магистральді су құбырын салу және қайта жаңғырту жөніндегі 4 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Президент Кендірлі ауылындағы су тұшытатын зауыттың құрылысын бастау керек екеніне, 33 жыл бұрын пайдалануға берілген Астрахань – Маңғыстау су құбырының әбден тозғанына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өңірдің үздіксіз дамуына және халық санының өсуіне байланысты инженерлік жүйені жаңғырту мәселесі туындап отыр. Сондай-ақ Ақтау қаласының инженерлік жүйесінің 75 пайызы ескірген. Үкіметке облыс орталығының инженерлік жүйесін қайта жабдықтауға қажетті қаражат бөлуді тапсырған Мемлекет басшысы Ақтау қаласында құрылыс жүргізу мәселесіне арнайы тоқталды.

– Біз Ақтау қаласын еліміздің басты туризм орталығының бірі ретінде дамытуды көздеп отырмыз. Теңіз жағасындағы қала қазіргі заманғы озық талаптарға сай болуға тиіс. Облыс орталығындағы ескі үйлердің мәселесін шешу қажет. Қалада мұндай 280 үй бар. Үкіметке Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерді жаңғырту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Жаңаөзенді кешенді дамыту мәселесіне баса назар аудару қажет. Ондағы күрделі түйткілдерді шешуге 580 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл – бір қала үшін қомақты қаржы. Оны мақсатына сай тиімді жұмсау қажет, – деді Президент.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстың білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек екенін атап өтті. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған, 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Сондай-ақ 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайдағы, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар.

Президент осы мәселелерді айта келе, балабақша салуға мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін пайдалану керек екенін атап өтті. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылда 21 мектеп салынатынын айтты. Мемлекет басшысы мұның өзі жеткіліксіз екеніне назар аударып, бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау ісіне баса мән берген жөн деп есептейді. Оның айтуынша, биыл жоғары оқу орындарына 73 мың грант берілген. Бұған қоса, Президент батыс облыстарының түлектеріне қосымша 10 мың грант бөлуді тапсырған болатын. Соның 6 мыңы Маңғыстауға берілді.

– Бірақ бұл гранттың төрттен бірі ғана игерілген. Бұл – түсініксіз жағдай. Оның үстіне облыста білікті мамандарға деген сұраныс өте жоғары екені белгілі. Ашығын айтсақ, жоғары оқу орындары және құзырлы министрлік кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойдағыдай атқармай отыр. Түлектерге және ата-аналарға қосымша грант бөлінгені туралы толық ақпарат жетпей жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігіне арнайы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырамын. Аймақта жастардың грантпен білім алуы, маман тапшылығы, түптеп келгенде облыстың дамуы – бәрі өзара тығыз байланысты мәселе. Сондықтан облыс әкімі бұл мәселені мұқият қарастыруы керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы дарынды және белсенді жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау керек екеніне тоқталды. Оның айтуынша, өңір жастары өзінің біліктілігін арттыруға немесе жұмысқа орналасу үшін басқа аймақтарға, Алматы мен Астанаға да баруы қажет. Тек бір жерде, бір өңірде ғана тұйықталып қалуға болмайды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінің талапқа сай болуының маңыздылығына назар аударды. Президенттің тапсырмасымен Мұнайлы ауданында орталық аурухананың құрылысы басталған. Жедел жәрдем қызметтерін, санитарлық автокөліктерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек. Облыс орталығында көпбейінді аурухана және жаңа жедел жәрдем станциясын салу мәселесін қарастыру қажет.

Кездесуде Президент агроөнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту ісіндегі стратегиялық басымдықтың бірі екенін атап өтіп, Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласын, азық-түлік нарығын дамыту маңыздылығына тоқталды.

– Бұған бізде мол мүмкіндік бар. Бірақ, ең алдымен, өз елімізді сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Маңғыстау өңірі үшін бұл мәселе айрықша маңызды. Аймақ тұрғындары жыл сайын 100 миллион доллардың азық-түлігін сырттан алады. Мұндай тәуелділік оның бағасына тікелей әсер ететіні белгілі. Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 20 пайыздан астам қымбаттаған. Көбіне мұндай ахуалдың қалыптасуына аймақтың орналасқан жері және логистика мәселелері себеп болып отыр. Маңғыстау Қазақстанның көлік-транзит стратегиясында маңызды рөл атқарады. Мұнда азық-түлік тауарын экспорттау және импорттау мүмкіндігін кеңейткен жөн, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жыл сайын мал азығының 75 пайызын басқа облыстардан алатын Маңғыстау облысында жем-шөптің бағасын арзандату мәселесі өте өзекті екенін айтты. Өзге өңірлерден мал азығын тасымалдау үшін жеңілдетілген тарифтер енгізу жолын қарастыру керек екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және экология салаларына да арнайы тоқталды. Оның пікірінше, қазір бүкіл әлемде туризм экономиканың маңызды саласына айналды. Бұл ретте Маңғыстаудың алатын орны айрықша.

– Каспий жағалауындағы мемлекеттермен бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырған жөн. Әсіресе, круиз туризмін дамыту қызығушылық тудырады деп ойлаймын. Жалпы, Маңғыстау көптеген киелі орындарымен әйгілі. Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата жер асты мешіттерін ерекше атап өтуге болады. Мұндай бірегей нысандар дүние жүзінде бірен-саран. Тарихи-мәдени қорықтар мен музейлерге де баса мән берген жөн, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, Маңғыстаудың экологиясында күрделі түйткілдер бар және экологиялық тепе-теңдік пен Каспийдің биоалуандығын сақтау – маңызды міндет.

– Бүгінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған адам факторы және экологиялық ахуалдың өзгеруі әсер етіп жатыр. Итбалық Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жануардың жойылып кетпеуін және оның санын бұрынғы қалпына жеткізуді мен тікелей бақылауда ұстап отырмын. Жазда Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына бардым. Бұл мекеме итбалықтардың азаю себебін зерттейді. Мұндай маңызды мәселеге кешенді ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы итбалықтарды сақтау үшін мемлекеттік табиғи қорықтар құру жоспарланған болатын. Экология министрлігі бұл жұмысты тездетіп, тиісті шешім қабылдауы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Каспийде заңсыз балық аулаудың жолын кесу, судың тартылу себебі мен салдарын жан-жақты әрі жіті зерттеу керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн деп есептейді.

Кездесуде Мемлекет басшысы саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, орнықтыру қажет екеніне тоқталды. Кез келген мәселеде келіссөз, диалог арқылы мәмілеге келуге болатынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау жұртына шынайы ризашылығын білдірді.

– Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде сіздер ел тағдырына жауапкершіліктің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Сол күндерде мұнда адам өлімі болған жоқ. Мемлекеттік және қоғамдық орындар шабуылға ұшыраған жоқ. Елге жанашырлық деген – міне, осы! Шын мәнінде, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Қандай күрделі мәселенің өзін айғай-шу, дау-дамайсыз сабырмен шешуге болады. Біз ішкі және сыртқы саясатта осы ұстанымды сақтаймыз, – деді Президент.

 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп кеткенін атап өтіп, құзырлы органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отырғанын жеткізді.

– Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән берілуге тиіс. Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды. Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі, – деді Президент.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда еңбегімен көпшілікке үлгі болып, елімізді өркендетуге зор үлес қосып жүрген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Атап айтқанда, еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев «Парасат» орденімен, «Мамандандырылған IT-лицей» КММ мұғалімі Людмила Рябова «Құрмет» орденімен марапаталды.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Дүйсембаеваға, «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаевқа, «Ерен еңбегі үшін» медалі «Акжол+К» ЖШС шебері Феруза Қаракесековаға табыс етілді.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

 

Kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-mangystau-oblysynyn-zhurtshylygymen-kezdesti-7105953

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.