Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Мемлекет басшысы Лисаков қаласының жылу орталығына барды

Мемлекет басшысы Лисаков қаласының жылу орталығына барды
REKLAM ALANI
23.01.2023
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Лисаков қаласының жылу орталығына барды

2023 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Лисаковскгоркоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты жылу электр орталығына барды.

Мемлекет басшысына жылу орталығының жабдықталуы мен қаланың коммуналдық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

«Лисаковскгоркоммунэнерго» кәсіпорнының меншігінде Лисаков қаласын жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандық және қалаға жақын Октябрь кентінде орналасқан екі блокты-модульды қазандық бар.

 

Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраевтың айтуынша, жылу орталығы 1968-78 жылдары пайдалануға берілген. Орталықтағы су жылыту қазандықтары соңғы рет 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен. Олардың орташа тозу деңгейі 51 пайызға жеткен. Сондықтан таяу жылдары су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

 

Ал жалпы ұзындығы 112 шақырым жылу желісінің тозу деңгейі 41 пайызды құрайды. 2012 жылдан бері «Шағын және моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жылу желілерінің инфрақұрылымына қатысты 8 жоба жүзеге асқан. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 7 пайызға қысқарып, 41 пайызға дейін төмендеген. Соңғы бес жылда жылу құбырларындағы апаттар саны екі есе қысқарған. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта жылу желісі мен қаланың басқа да коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасын табады.

 

Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының стратегиялық маңызы зор екеніне назар аударып, қала мен облыс әкімдеріне жылыту маусымына дайындық мәселесімен жүйелі түрде айналысуды тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-lisakov-kalasynyn-zhylu-elektr-ortalygyna-bardy-2105626

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.