Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
REKLAM ALANI
26.05.2022
A+
A-

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2022 жылғы 26 мамыр

Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы

 

Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы екі ел де көпжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтып, бүгінгі сапардың қарым-қатынасымызды нығайта түсуге тың серпін беретіні сөзсіз екеніне тоқталды.

– Бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Біз сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән бердік. Қазір әлемдегі ахуал күрделі екенін білесіздер. Осындай қиын кезеңде күш жұмылдыру өте маңызды. Қазақстан – Қырғыз елінің негізгі сауда және инвестиция саласындағы серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Қазақстан соңғы 15 жылда қырғыз еліне 1 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция құйды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы зор жобалар да бар. Жалпы, экономикалық ықпалдастықты одан әрі өркендетуге әлеуетіміз жетеді. Біз сауда көлемін жақын арада 2 миллиард долларға жеткізуге келістік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент бүгін сауда-логистикалық индустриялық кешеннің негізі қаланғанына тоқталып, бұл қадам өндірістік байланыстар мен сауда-саттықты жандандыруға жол ашатынын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, өзара сауда айналымын қысқа мерзімде едәуір ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Қазақстан Қырғызстанға импортталатын жүздеген тауар түрін қазірдің өзінде ұсына алады.

– Біз өнеркәсіп өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайынбыз. Бұған «Kazexport» компаниясы қолдау көрсетеді. Қырғыз елінің де Қазақстанға шығаратын өнімдері аз емес. Осы орайда, қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдаланамыз деп уағдаластық. Сондай-ақ, азаматтардың шекарадан өтуін жеңілдетуге баса назар аудардық. Жүк тасымалы рәсімдерін жетілдіру жайын пысықтадық. Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылды. Былтыр «Қордай» бекеті жаңартылып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіле бастады. Басқа да бекеттерді жаңғырту туралы келісімдер бар. Басты мақсат – шекарадағы тексерістерді азайтып, көлік кептелісін жою, – деді Қазақстан Президенті.

 

Аталған мәселелерді реттеу үшін Мемлекет басшысы екі цифрлық технологияны енгізудің маңызды екенін атап өтті.

Президент шетел инвесторларының мүддесін қорғау ісі жалғасатынын, бұл жұмыс қазақ компанияларының Қырғызстанға инвестиция салуына оң ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан капиталының қатысуымен Ыстықкөл облысында күн энергиясы станциясын салу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 300 миллион доллар. Қасым-Жомарт Тоқаев су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіруді келесі маңызды бағыт ретінде атады.

– Біз трансшекаралық су ресурстары ортақ байлық екенін тағы бір мәрте атап көрсеттік. Су тапшылығы мәселесі жылдан жылға күрделеніп келеді. Беделді халықаралық экологиялық ұйымдар осындай болжам жасап отыр. Су келешекте көп болмайды, тапшы болады. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері бірлескен жұмыстарды қолға алуы қажет. Екі елге ортақ өзендер әрдайым жұртты жақындастыра түсуге дәнекер болуы керек. Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын, – деді Мемлекет басшысы.

 

Екі ел президенттерінің кездесулерінде мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға да ерекше мән берілді. Соңғы жылдары рухани байланысты жандандыру бағытында атқарылған көптеген іс-шараның қуанарлық жағдай екені атап өтілді.

– Былтыр Садыр Нургожоұлының Қазақстанға сапары кезінде екі елдің жастарын жақындастыра түсетін бірқатар уағдаластыққа қол жеткізген едік. Соның нәтижесінде бүгін Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады. Бұдан бөлек, біз жас ғалымдар үшін түрлі гранттар тағайындадық. Олардың озық ғылыми идеяларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту үшін екі ел зиялыларының форумын жыл сайын өткізуді ұсындым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Брифингте белгілі болғандай бүгінгі келіссөздер барысында екі ел басшысы жаһандық және өңірлік мәселелер туралы пікір алмасып, халықаралық түйткілдер жөніндегі ұстанымдары ортақ екенін атап өткен. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты тереңдету мәселесіне назар аударылған. Осы орайда, көп ұзамай аймақ мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуін өткізуге уағдаласты.

Мемлекет басшысының айтуынша, екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастар жалғасады. Қазақстан тарапы Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағының төрағасы ретінде атқарып жатқан жұмыстарын қолдайды.

– Қырғыз бауырларға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі аясындағы Қазақстанның бастамаларын қолдағаны үшін ризашылық білдіреміз. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық. Уағдаластықтар мен келісімдер – соның айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент 5 маусымда елімізде өтетін конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдумды өте маңызды әрі тарихи іс-шара ретінде бағалап, қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келгенін ерекше атап өтті.

– Жаңа Қазақстан, яғни екінші республика – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, Парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен Президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформамен демократияландыру үрдісі аяқталмайтынын, алдымызда ұзақ жол бар екенін еске салды. Президенттің айтуынша, жаңа реформалар жалғаса береді, бүкіл қоғамымыздың жүйесі жаңартылады.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-pen-sadyr-zhaparov-bak-okilderi-ushin-brifing-otkizdi-2641038

 

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.