Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады
REKLAM ALANI
27.07.2022
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

2022 жылғы 27 шілде

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыту, – деді Президент.

Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.

Ираклий Гарибашвили кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, өз елінің ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақтылады.

– Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз, – деді Грузия Премьер-министрі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жолдады.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-gruziyanyn-premer-ministri-irakliy-garibashvilidi-kabyldady-2761632

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.