Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Samsun °C

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді
REKLAM ALANI
23.04.2022
A+
A-

Жаңалықтар
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді

2022 жылғы
Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті. Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және Жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты.

– Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялау жөнінде берілген барлық ұсынысты ескерудің мәні зор екеніне тоқталды.

– Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулердің маңызы зор екенін айтты.

– Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді. Бұл шенеуніктердің өздері қабылдайтын актілердің сапасына деген жауапкершілікті арттырады деп санаймын. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз уәкілдің құзыреттері мен кепілдіктері бекітіледі. Жалпы, әзірленген өзгертулер мен толықтырулар топтамасына Жолдауда айтылған саяси бастамалар мен Конституцияға енгізілуі қажет түзетулерді іске асыруға тиісті нормалар ғана енгізілгенін атап өткен жөн. Басқа да өзекті өзгертулер конституциялық және басқа да заңдар аясында бекітіледі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың сылбыр жұмыс істеуіне жол берілмейтінін тағы да еске салып, соңғы үш жылда еліміздегі және әлемдегі жағдайдың түбегейлі өзгергенін айтты.

– Мемлекеттік аппарат кез келген өзекті мәселеге жедел, дер кезінде назар аударуы керек. Сондықтан Жұмыс тобы ұсынған түзетулер Үкіметке ерекше актілерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл дағдарыс кезінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Осы орайда, Парламенттің қарқынды жұмыс істегені өте маңызды. Депутаттар қос палатаның бірлескен отырысында заң жобаларын шұғыл қарауы керек. Жалпы, мен Жұмыс тобы дайындаған барлық өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдаймын, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын Жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.

– Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы», – деді Президент.

 

Мемлекет басшысы сөзінің соңында аз уақытта өте көп іс бітіргені үшін Жұмыс тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді.

– Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-konstituciyaga-ozgerister-men-tolyktyrular-engizu-zhoninde-kenes-otkizdi-2231453

 

 

 

 

 

REKLAM ALANI