саммитіне – Samsun Ekspress

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі
«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі https://t.co/J32HA7bY6A pic.twitter.com/YqXfPBEkG5

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі

2023 жылғы

ҚХР, Сиань қаласы

Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі https://t.co/J32HA7bY6A pic.twitter.com/YqXfPBEkG5

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023

Одан кейін мемлекеттер басшыларының бірлескен суретке түсу рәсімі өтті.

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/ortalyk-aziya-kytay-sammitine-katysushy-memleketter-basshylaryn-resmi-karsy-alu-rasimi-1842233

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі https://t.co/J32HA7bY6A pic.twitter.com/YqXfPBEkG5

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 18, 2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты https://t.co/D2vspZg0TX pic.twitter.com/u62Ky593iq

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 19, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

2023 жылғы 19 мамыр

ҚХР, Сиань қаласы

Мемлекет басшысы өз сөзінде алғашқы «Орталық Азия – Қытай саммиті – өте маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті. Президент іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Ол бүгінде Қытай әлемдік держава ретіндегі өзінің мәртебесін нығайтып келе жатқанын және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынын, экономикалық және технологиялық дамудың қозғаушы күші екенін атап өтті.

– Қытай – әлемдегі ірі инвестор және жаһандық экономиканың көшін бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Сондықтан Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік береді. Орталық Азия елдерінің әлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру біздің көп қырлы серіктeстігімізге тың серпін береді. Қазақстан осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын. Қазіргі таңда елімізде ұлттық экономикамызды әртараптандыру үшін ауқымды әрі жан-жақты реформа жүргізіп жатырмыз. Шетел инвесторларына қолайлы жағдай жасауға және кедергілерді жоюға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында елімізге 350 миллиард доллардан астам инвестиция тартылғанын айтты. Соның 23 миллиард доллардан астамы – Қытайдың еншісінде. Президент Қытаймен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді.

– Кеше мемлекеттік сапарымның аясында инвестициялық форум өтті. Жиында жалпы құны 22 миллиард доллар болатын бірқатар келісімге қол қойылды. Қазақ тарапы бұл келісімдерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын. Географиялық жағдайымызды ескерсек, біздің еліміз аймақтың және тұтас құрлықтың маңызды көлік-логистика дәлізі бола алады. Қазақстан осы аймақтағы елдердің Қытаймен ынтымақтастығын нығайту үшін өзінің экономикалық және логистикалық әлеуетін жұмылдыруға әзір. Осыған орай, Қазақстан достас Қытаймен ынтымақтастықты нығайту үшін өзінің сауда-экономикалық және логистикалық әлеуетін іске қоса алады. Елдеріміздің сауда-саттық көлемі 31 миллиард долларға жетті. Төраға Си Цзиньпинмен бұл көрсеткішті 40 миллиардқа дейін жеткізу жөнінде уағдаластық. – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы аймақтағы ел басшыларының бірлескен күш-жігерін талап ететін ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады. Ең алдымен, тауар айналымының көлемін арттыру мәселесі қозғалды.

– Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Былтыр Қазақстанның осы аймақтағы мемлекеттермен алыс-берісі 19 пайызға өсті. Яғни, 8 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Аймақтың Қытаймен сауда-саттығы да қарқынды дамып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 70 миллиард долларға жетті. Оның 45 пайызы (31 млрд доллар) Қазақстанға тиесілі. Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар. Осы ретте, тауар түрлерін көбейту арқылы экспортты ұлғайту маңызды. Мысалы, Қазақстан шикізатқа жатпайтын 135 түрлі тауардың Қытайға экспортын көбейте алады. Қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» халықаралық сауда орталығы пандемияға байланысты үш жыл тоқтап тұрды. Өткен айда оның жұмысы қайта жанданды. Орталық Азия мемлекеттерін осы сауда-логистика хабының әлеуетін бірге пайдалануға шақырамын. Бұл – әсіресе, Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекеттер үшін аса маңызды. Біз қытайлық инвестициялық серіктестермен бірлесіп, шекарада екінші құрғақ порт салуды жоспарлап отырмыз. Осы саладағы тәжірибені ескере отырып, бұл портты жаңа талапқа сай жасаймыз.

Мемлекет басшысының пікірінше, электронды коммерция саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер бар. Бұл бағытта Қытай әлемде көш бастап тұрғаны сөзсіз.

– Қытайдың «Alibaba Group», «JD.COM» сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. Кеше JD.COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Болашақта өзара сауда-саттығымыз арта түсетіні анық. Біз осыны ескере отырып, жаңа кеден қоймаларын ашуға белсене кірістік. Осы орайда, серіктестерімізге тауарын біздің қоймаларымызда сақтауды ұсынамыз. Бұл логистика тұрғысынан алғанда өте қолайлы екенін айта кеткен жөн. Сонда Орталық Азия мен Қытайдың арасында екі бағытта да тауар тасымалдау мерзімін азайтуға мүмкіндік туады. Бұл жұмысты «С5+Сhina» бірыңғай электронды сауда платформасын енгізу арқылы үйлестіруге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуды тағы бір басым бағыт деп санайды. Оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын Астанада Төраға Си Цзиньпин «Бір белдеу – бір жол» мегажобасының тұжырымдамасын жария етті. Содан бері бұл бастаманың тиімділігіне және қажеттігіне бүкіл әлем көз жеткізді.

– Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса береді. Осы орайда Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі «Қытай – Орталық Азия-Еуропа» бағдарының негізгі бөлігі саналады. Бүгінде осы бағыттың стратегиялық маңызы арта түсті. Біз оның көлік өткізу мүмкіндігін кеңейте береміз. Ол үшін цифрлық тәсілдерді енгізіп, инфрақұрылымды жаңғыртамыз. Қытай сыртқа өте көп жүк жөнелтеді. Осы бағыттың әлеуетін толық пайдалану үшін бірлесе жұмыс істеуіміз қажет деп есептеймін. Біз қытайлық серіктестермен бұл салада өзара тиімді ықпалдастық орнатуға мүдделіміз. Каспийдегі теңіз порттарының мүмкіндігін кеңейту ісіне атсалысуға шақырамыз. Порт қызметін цифрландыру және жүк кемелерін жасау үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Сондай-ақ «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жолы біздің елдерімізге зор мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту керек. Бұл сала Орталық Азияның экономикалық дамуына берік тұғыр бола алады. Аймақтағы жобаларға Қытайдың атсалысуы олардың табысты ілгерілеуіне өз септігін тигізері анық.

– Мен Орталық Азия мен Қытайдың өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Бұл жоспарды аймақтағы барлық елдің ерекшелігі мен сұранысын ескере отырып жасаған жөн. Сондай-ақ автокөлік жасау сияқты ғылымға негізделген салалардың келешегі зор. Қазақстан мен Қытайдың бұл бағыттағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге шыққанын атап өткім келеді. Біз жеңіл және жүк көліктерін (JAC) жасай бастадық. Электромобиль шығару жобасын жүзеге асырдық ( JAC iEV7s, YUTONG және Golden Dragon электр автобустары). Осындай автокөліктерді қуаттайтын стансалардың инфрақұрылымы жасалып жатыр. Кеше қытай көліктерін құрастыратын өндірісті іске қосу туралы келісімге қол қойылды. Елімізде литий, кобальт, никель және басқа да сирек элементтердің мол қоры бар. Біз осы салада жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Қазақстанның бірқатар облысында белгілі қытай көліктерінің өндірісі табысты жұмыс істеп жатыр. Біз қытай компанияларын осы аймақтарда автомобиль кластерін құруға шақырамыз. Біздің Үкіметіміз өзара ынтымақтастықты дамыту үшін барлық жағдайды жасап, мүдделеріңізді қорғайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент энергетика саласында, соның ішінде мұнай-газ секторындағы қарым-қатынасты дамытуға мол мүмкіндік бар деп есептейді. Қазақстан мұнай экспортын көбейтуге мүдделі. Сол үшін «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырының тасымал мүмкіндігін арттыруды жоспарлап отыр.

– Қолданыстағы құбырлардың, яғни «Атырау-Кеңқияқ» және «Кеңқияқ-Құмкөл» құбырының мұнай тасымалдау мүмкіндігін арттыру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Қазір мұнай өнімдерін тұтыну көлемі ұдайы өсіп келеді. Сондықтан Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шығатын өнім көлемін жылына 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін көбейтуді көздеп отырмыз. Газ өңдеу қуатын арттыру және газ тасымалдау жүйесін жетілдіру Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Біз үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші тармағын салу өте маңызды. Қашаған кенішінде жылына 4 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысына да баса мән береміз. Қытайлық достарымыз аймақтағы осы маңызды жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрлерін көбейтуге мүдделі.

– Еліміз бидай және ұн өндіретін әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіреді. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз. Шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын. Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады. Есесіне, бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделіміз. Біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл қадам бәріміздің мүддемізге сай келеді. Осы ретте мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын. Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін ынтымақтастықтың келесі басым бағыт ретінде атап өтті. Президент Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сәйкес, 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауызсуға мұқтаж болуы мүмкін.

– Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді. Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет. Су ресурстарын өзара келісіп, ұтымды пайдалану біз үшін өте маңызды. Суды үнемдеп жұмсауға және жер суаруға қатысты тиімді цифрлық тәсілдерді қолданысқа енгізудің орны бөлек. Қытай бұл салада зор табысқа жетті. Сол үшін Қытаймен бірге су шаруашылығы саласына жаңа технология енгізу жоспарын әзірлеуді ұсынамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы мәдениет және білім ынтымақтастығын, сондай-ақ туризмді дамыту мәселесіне де назар аударды. Оның айтуынша, жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді.

– Орталық Азия елдерінің мәдениеті – бай, көрікті жерлері де – көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен «Жібек жолы» туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады. Аймақтар арасындағы ынтымақтастық мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Мысалы, шаһарларымыздың өзара бауырлас қала атануы өте маңызды. Кеше Шымкент пен Сиань қалалары және Солтүстік Қазақстан облысы мен Шяньси аймағы арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнады. Сиань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылады. Бұдан бөлек, білім беру және ғылым саласындағы ықпалдастықты нығайту керек. Жастарымыздың тұрақты байланыста болғаны абзал. Біз білікті маман даярлау ісіне және адам капиталын дамытуға баса мән береміз. Қазақстанда әлемдегі үздік техникалық университеттердің бөлімшелерін ашуға күш салып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттің бірі екенін атап өтті. Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің берік ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді. Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық.

– Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз. Бүгінде елдеріміз жоғары деңгейде екіжақты қарым-қатынас орнатқан. Аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ықпалдастығымыз да нығая түсуде. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мақсат-міндеттерін бірлесіп орындап келеміз. Қазір халықаралық саясаттағы ахуал – күрделі. Жаһандық саясаттағы бақталастарды елдестіру үшін көп күш-жігер жұмсау қажет. Си мырзаның «Жаһандық қауіпсіздік бастамасы» әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты Қытайдың сындарлы ұстанымын Қазақстан жоғары бағалайды. Ауғанстан мәселесіне келер болсақ, осы елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін халықаралық қауымдастықтың күш жұмылдыруы өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан көтерген бастамалардың бәрі еліміздің жан-жақты ынтымақтастық пен мызғымас қарым-қатынасты нығайта түсуге ұмтылысын көрсететінін айтты. Сол себепті тиімді серіктестіктің стратегиялық бағдары жалғастыра беру маңызды. Сондай-ақ Президент сөзінің соңында Орталық Азия мен Қытайдың екінші саммитін Қазақстанда өткізуге әзір екенін жеткізді.

Саммите сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты https://t.co/D2vspZg0TX pic.twitter.com/u62Ky593iq

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 19, 2023

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Сиань декларациясына қол қойды және бірқатар бастаманы қабылдады. Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

Ресми шара аяқталғаннан кейін Орталық Азия мен Қытай басшылары Халықаралық конференция орталығының алдында ағаш отырғызу шарасына қатысты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-birinshi-ortalyk-aziya-kytay-sammitine-katysty-194283

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты https://t.co/D2vspZg0TX pic.twitter.com/u62Ky593iq

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 19, 2023

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатыстыhttps://t.co/5dZW5erJyD pic.twitter.com/iKo9kWj7vH

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) March 16, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты

2023 жылғы

Түркия Республикасы, Анкара қаласы

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, саммитті өткізуді ұсынған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке және қонақжайлықпен қарсы алған Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты. Бұдан кейін Қазақстан Президенті жер сілкінісінен қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты.

– Алапат зілзаланың зардабын тартқан түрік елінің қайғысы барша түркі жұртының қасіреті деп білемін. Қазақта «Қайғыны бөліссең – азаяды» деген сөз бар. Ағайынның басына күн туғанда біздің халқымыз ешқашан қол қусырып отырмайды. Қазақстан халқы бірден түрік бауырларға қол ұшын созды. Құтқарушыларымыз және дәрігерлеріміз дереу көмекке аттанды. Қажетті құралдармен жабдықталған ең тәжірибелі, білікті мамандарымыз құтқару жұмысына атсалысты. Бауырлас елге гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетілді. Жойқын жер сілкінісі еліміздің азаматтарын да бей-жай қалдырмады. Біздің халқымыз бауырларымыздың басына түскен қиындықты бірге көтеруге атсалысты. Қазақта «Асар» деген жақсы ұғым бар. Жұрт бірлесіп, мұқтаж жанға көмек қолын созады. Осы мақсатта Қазақстаннан Анадолы еліне көптеген еріктілер келіп, аянбай еңбек етті. Олар – ел басына ауыртпалық түскенде алғы шепте болатын шынайы патриот азаматтар, жаны таза адамдар. Еріктілерді ортақ іске жұмылдыру аса маңызды. Сондықтан мен Ұйымымызға мүше елдердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Еріктілер форумына шақырамын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге Қазақстан дайын екенін атап өтіп, халықаралық қауымдастықтың Анадолы еліне көрсеткен демеуін жоғары бағалайтынын жеткізді.

– Еуропадағы серіктестеріміздің Халықаралық донорлар конференциясын өткізу туралы бастамасын құптаймыз. Мұндай бастамаларға түркі елдері де атсалысады деп сенемін. Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Осы бауырмалдығымыз нығая түссін. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болып, ынтымағымыз жараса берсін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы басқосудың «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» деген тақырыпта өтуі бекер емес екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай күрделі кезеңде Қазақстан гуманитарлық шаралардан шет қалмайтынына тоқталып, түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек екеніне назар аударды. Сондай-ақ Ұйым хатшылығы мен мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайта түсу үшін бірқатар ұсыныс айтты.

– Біз табиғи апаттың алдын алу үшін күш жұмылдыруымыз керек. Түркиядағы зілзала қауіп-қатерге қашанда дайын болу қажеттігін көрсетті. Сондықтан ұйым аясында Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынамын. Оны Алматыдағы Төтенше жағдайлар және алапат жер сілкіністерінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың негізінде ашуға болады. Бұл орталықты 2016 жылы Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері құрған. Бірлескен күшке Ұйымның Азаматтық қорғаныс хатшылығы мәртебесін берген жөн деп санаймын. Ол апаттан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретін болады. Осы құрылым аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, құтқарушылардың біліктілігін арттыру және оқу-жаттығу курстары өткізіледі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы іздестіру және құтқару қызметтерінің дайындығын күшейту қажеттігін екінші ұсыныс ретінде атады. Осы мақсатта Президент елдеріміздегі Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен техникалық құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынды. Бұл шара қиын-қыстау сәтте шұғыл әрекет етіп, апаттың салдарын жоюға бағытталған іс-әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік бермек.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың алдын алу үшін ақпарат бөлісіп, құтқарушылардың тәжірибе алмасуы өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ биыл күзде Қазақстанда «Қазқұтқару» халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтетінін еске салды. Президент Ұйымға мүше елдердің құтқару қызметтерін аталған іс-шараға қатысуға шақырып, сол кезде осы салаға жауапты мекеме басшыларының алғашқы басқосуын өткізуге болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси жағдай мен әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделі кезеңінде Түркі әлемінің өзара ынтымақтастығы нығая түскенін өте дұрыс қадам деп санайды.

– Біздің ұйым сол арқылы халықаралық деңгейде өзіндік орны бар екенін көрсетті. Елдеріміз саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатыстыhttps://t.co/5dZW5erJyD pic.twitter.com/iKo9kWj7vH

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) March 16, 2023

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды биыл күзде Қазақстанда өтетін Ұйымның оныншы мерейтойлық саммитіне шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Режеп Тайип Ердоғанның жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санайтынын жеткізді. Оның пікірінше, биыл 100 жылдығын атап өтетін Түркия Республикасы зор беделге ие. Оның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Түркия басшысына алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеп, оны түрік жұртының қолдайтынына сенім білдірді.

Президент сөзінің соңында жиынға қатысушыларды алдағы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, осы мейраммен тұспа-тұс келетін қасиетті Рамазан айының басталуына орай ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар жиында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстанның Милли Генгеші Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан және Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1.Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;

2.Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім.

3.Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-turki-memleketteri-uyymynyn-kezekten-tys-sammitine-katysty-1625552

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатыстыhttps://t.co/5dZW5erJyD pic.twitter.com/iKo9kWj7vH

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) March 16, 2023

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты
Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты https://t.co/lFqZ5xEDzr pic.twitter.com/hgSiJkOHTF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 13, 2023

Жаңалықтар

Ақорда

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

2023 жылғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты. Бұл жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті.

Президент сөзінің басында осы маңызды форумға шақырғаны үшін Премьер-министр Нарендра Модиге алғыс айтты. Сондай-ақ Үндістанды биыл «Үлкен жиырмалыққа» (G20) төрағалығының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Үндістан төрағалығын Нью-Делидің жаһандық беделі мен ықпалының әлемдік қоғамдастық тарапынан лайықты мойындалғаны деп қарастыратынын атап өтті.

Президент әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өзара диалог пен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддені іздеу арқылы туындаған проблемаларды шешуге ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды міндетке назар аударды. Атап айтқанда, Президент барлық елді Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Оның пікірінше, ОДМ-ды жүзеге асыру ісі жекелеген мемлекеттер деңгейінде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де бірлескен күш-жігерді талап етеді.

– Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз. Мұндай орталық БҰҰ-ның өңірдегі жобалық қызметін барынша тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Мемлекет басшысы әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтерілетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының бес елінде қатты қуаңшылық болды. Оның пікірінше, климаттың өзгеруі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді қажет етеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Президент су тапшылығы мен тұрақсыздықтың белең алуы мемлекеттердің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді деп санайды. Бұдан бөлек, экономикалық, геосаяси шиеленіс және тұрақсыздық күшейіп келеді. Түптеп келгенде, оның салдары бүкіл әлемдегі, әсіресе қуаңшылыққа жиі ұшырай бастаған Жаһандық Оңтүстіктегі қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін.

– Осыған байланысты мен су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалануға септігін тигізетін су технологияларын өзара бөлісу үшін айрықша құқықтар мен преференциялар жүйесін енгізуді ұсынамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керек.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, тыңайтқыштар мен медициналық бұйымдардың жаһандық жеткізу тізбегіне саясатты араластырмау жөніндегі Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің үндеуін қолдады.

Президент қазіргі геосаяси ахуал жағдайында сенімді әрі әртараптандырылған жаһандық транзит пен көлік инфрақұрылымының маңызы арта түскенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (Орта дәліз) белсенді дамытып келеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы пандемия қаупі мен биологиялық қатерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау өзекті екенін жеткізді. Осыған байланысты Президент бұған дейін ұсынған Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құруға қатысты бастамасын тағы да еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстан серіктестермен инклюзивті, көпжақты негізде және ізгі ниет рухында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-zhahandyk-ontustik-dauysy-virtualdy-sammitine-katysty-1303321

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты https://t.co/lFqZ5xEDzr pic.twitter.com/hgSiJkOHTF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 13, 2023

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты https://t.co/ATtoAYFwAH pic.twitter.com/r8nJmx33au

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 11, 2022

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

2022 жылғы 11 қараша

Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласы

Мемлекет басшысы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, қонақжайлық көрсеткені үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтып, Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ету құқығын алып отырған бауырлас елдің бұл міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізді.

– Ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз. Түркі ынтымақтастығына ұйытқы болған ұйымдардың тарихын зерделесек, олардың көпшілігіне Қазақстан бастамашы болғанын көреміз. ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі академиясы – соның айқын дәлелі. Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Өзара байланысты нығайту жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті орасан зор рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еліміздің бастамасымен қабылданған «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатын іске асыру үшін бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданатынын айтты.

– Бұл құжат елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге және тұрақтылық белдеуін нығайтуға ықпал етері сөзсіз. Сондықтан ынтымақтастығымыздың болашағы зор деп айтуға толық негіз бар. Біз өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуге белсене атсалысып, қуатты күшке айналуымыз керек. Қазір геосаяси, геоэкономикалық қайшылықтар салдарынан Еуразиядағы экономика және көлік-логистика жүйесі ыдырап барады. Сын-қатерлерді еңсеру үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жиын барысында Мемлекет басшысы түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар мәселеге назар аударды.

– Қазіргі алмағайып кезеңде көлік-транзит коммуникациясының әлеуетін арттыру және оның мүмкіндігін барынша пайдалану аса маңызды. Себебі біздің мемлекеттеріміз Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті тікелей байланыстырады. Бауырлас үш ел (Қазақстан, Әзербайжан, Түркия) арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – соның жарқын мысалы. Сондықтан біз көлік-логистика саласына ерекше мән береміз. Соңғы 15 жылда Қазақстан осы саланы дамытуға 35 миллиард доллар қаржы бөлді. Біз көлік бағдарын көбейтуге және логистиканы өзара ықпалдастыруға мүдделіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл мақсатқа 2025 жылға дейін тағы 20 миллиард доллар инвестиция тарту көзделіп отырғанын айтып, түркі тілдес халықтардың құрлық ішіндегі көлік-транзит дәліздерін дамытуы айрықша маңызды екенін жеткізді. Әсіресе, шекара бекеттерін жаңғыртуға, «цифрлық көлік жүйесін» қалыптастыруға баса мән берді.

Президент түркі мемлекеттерінің ІТ саласындағы қарым-қатынасын жандандырған жөн деп санайды. Оның айтуынша, соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Түркі елдерінің IT саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды.

– Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады. Жуырда Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық іс-шара өтті. Онда ІТ саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттеріміздің IT хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Осы ретте мен Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын құруды ұсынамын. Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент «Жасыл экономиканы» дамытуды аса маңызды міндет ретінде атап өтіп, климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отырғанын айтты.

– Әлем елдері соңғы 7 жылда «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді. Осы ретте мен бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынамын. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажеттігіне тоқталды. Осы ретте еліміз 2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

– Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға жағдай жасауымыз керек. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Сондықтан 2023 жылы түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент түркі елдерінің рухани дереккөздерін зерделейтін жобаларға ерекше көңіл бөлу керек деп санайды. Сондай-ақ биыл Түркі академиясы Моңғолияда жүргізген қазба жұмысының нәтижесінде маңызды жаңалық ашқанын, екінші Түркі қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешенін тапқанын айтты.

– Бұл – «түркі» деген сөзі бар ең көне жазба ескерткіш. Осы орайда мен Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» әзірлеуді ұсынамын. Ол үшін елдеріміздің мұрағаттары өзара ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Келешекте соның негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының «Цифрлық кітапханасын» құруға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

– Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді. Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан біз осы ұстанымға әрдайым басымдық береміз, – деді Президент.

Сонымен қатар Президент Түркі мемлекеттері ұйымы мен басқа да құрылымдардың жұмысын жүйелеудің маңызды екенін атап өтті. Осыған орай Түркі кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісіміндегі Тұрақты өкілдер туралы мәселені қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы 2023 жылы түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сы саналатын ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 30 жыл толатынын еске салып, бұл мерейлі оқиғаны жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті келесі жылы Қазақстанда өтетінін жеткізді.

Сондай-ақ жиында Түрікменстанның Милли Генгеші Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттер басшылары кеңесінің 2021-2022 жылдардағы төрағасы – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан және Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Түркі мемлекеттері ұйымының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Қубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.

Ұйымға төрағалық ету міндеті Өзбекстанға ауысты, ал ұйымның бас хатшысы лауазымына Қырғыз Республикасының өкілі Қубанычбек Өмірәлиев тағайындалды.

Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің декларациясы;

2. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама;

3. Түркі мемлекеттері ұйымы рәсімдерінің ережелерін қабылдау туралы шешім;

4. Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын және оның орынбасарларын, сондай-ақ Түркі академиясының президенті мен вице-президентін тағайындау туралы шешім;

5. Түркі инвестициялық қорын құру туралы шешім.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-turki-memleketteri-uyymynyn-sammitine-katysty-11104513

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты https://t.co/ATtoAYFwAH pic.twitter.com/r8nJmx33au

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 11, 2022

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты https://t.co/M8KbpCxou8 pic.twitter.com/9nAR9TTpCF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 14, 2022

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты

2022 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мемлекеттер басшыларының «Орталық Азия – Ресей» форматындағы алғашқы кездесуі өтті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта бүкіл шекара бойында тұрақтылықты сақтап, қауіпсіздікті күшейту өңірдегі ең маңызды міндет екенін атап өтті. Оның айтуынша, терроризммен, экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен бірлесе күресу, сондай-ақ түрлі гибридті қауіптерге қарсы өзара іс-әрекет мәселелері өзекті болып отыр.

– Саммит осы бағыттағы келісілген әдістерді әзірлеуге ықпал етуді көздейді. Кездесуіміздің күн тәртібі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, әсіресе инвестициялық серіктестік, өндірістік кооперация, көлік-транзит бағыттарын әртараптандыру жөніндегі ынтымақтастықты кеңейте түсуге мүмкіндік беретініне сенім білдіремін. Ресей Федерациясымен бірге біз өңірлік экономикалық ынтымақтастық әлеуетін толыққанды пайдалана аламыз. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – елдеріміз арасындағы адамдардың өзара байланысының жоғары деңгейін сақтау, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында тауар айналымының пандемияға дейінгі деңгейі қалпына келіп қана қоймай, оның едәуір артқанын мәлімдеді. Былтыр өңірішілік сауда-саттық 34 пайызға өсіп, 6 миллиард доллардан асты.

Президент бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілетін уағдаластықтар алтыжақты ынтымақтастықтың іргетасын нығайтатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі көзқарасын негізгі өлшемдер тұрғысынан жеткізді.

– Бірінші, бұл – қауіпсіздік. Тағдыр біздің елдерімізге бірге болуды жазған. Ортақ тарихымызды сақтай отырып, халықтарымыздың игілігі үшін ортақ келешегімізді құруға тиіспіз. Әр мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік бүкіл аймақтың дамуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың түпкі мүддесін басшылыққа ала отырып, назарларыңызды жаңа қауіп-қатерлердің алдын алуға және оған дер кезінде төтеп беруге арналған тиімді әдістерді әзірлеу қажеттігіне аударғым келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазіргі өзара іс-әрекет тетіктері жүйелі түрде жетілдіруді қажет етеді. Оның айтуынша, аймақтағы ахуалды тұрақсыздандыруға тырысу, қақтығыстарды өршіту үшін гибридтік және ақпараттық технологияларды пайдалану – осының айқын мысалы. Осыған байланысты елдердің қауіпсіздік кеңестері аппараттарына алдын алу шараларының механизмдерін әзірлеу және жасақтау туралы ұсыныс беру жөнінде айтылды. Бұл істе ақпарат алмасуға және қауіп-қатерді алдын ала анықтауға баса мән берілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға айрықша көңіл бөлу керек деп есептейді. Елдеріміз үшін оның қаупі әлі сейілген жоқ. Президенттің пікірінше, тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі.

– Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Аталған мәселені қарастыру үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы экономиканы екінші өлшем ретінде атап өтті. Сондай-ақ саммит қатысушыларына Орталық Азия елдері мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығының жаңа моделін әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Оның айтуынша, Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет.

– Сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн. Бүгінде біздің өндірісіміздің дамуына орай шетелдік өнімдердің көптеген түрін бір-біріміздің тауарларымызбен өзара тиімді негізде алмастыра аламыз. Экспорттық-импорттық операцияларға жасалған талдау осы бағытта мол мүмкіндік бар екенін көрсетті, – деді Президент.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласында бірге белсенді жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға Қазақстан дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші өлшем – көлік және транзит мәселесіне де тоқталды. Президент дәстүрлі логистикалық тізбек үзілген жағдайда аймақтағы елдер көлік-транзит әлеуетін толыққанды пайдалану қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі теріс құбылыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңызы артып келеді деп санайды.

– Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде мемлекеттер басшыларына қатысты негізсіз арандатушылық сипаттағы сөздер айтылатын жағдайлар кездеседі. Бұл, әрине, біздің ынтымақтастығымызға нұқсан келтіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында кездесу нәтижелері өзара достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік арқасында берік байланыс орнатқан, қуатты әрі өркендеген мемлекет қалыптастыру жолындағы ортақ мақсатқа жетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар саммитте Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ortalyk-aziya-resey-sammitine-katysty-1493022

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты https://t.co/M8KbpCxou8 pic.twitter.com/9nAR9TTpCF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 14, 2022